Қостанайлық басшы пара аламын деп темір торға қамалды

Oinet.kz 22-10-2019 912

Картинки по запросу пара алған

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы С.М. Сыздықовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ сайты.

Айыпталушы Қостанай ауданының Затобол кентінде жылыжай құрылысына жер телімін бөлгені үшін азаматтан 500 мың теңге сомасында (бұрын келісілгеннен - 1 млн теңге) пара алды деген күдікке ілінген болатын.

2019 жылдың 21 қазанындағы Қостанай аудандық сотының үкімімен Сыздыков С.М. пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар «Реал Мадрид» футбол клубымен кездесуге аттанды
Дариға Назарбаева ресми сапармен Ресейге барды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу