Ресейде іздеу жариялаған қылмыскер Ақмола облысынан ұсталды

Oinet.kz 17-10-2019 1057

Ресейден қашқан қылмыскер Ақмола облысында ұсталды

2019 жылдың 15-17 қазан аралығында облыс аумағында «Қаңғыбас» жедел алдын алу шарасы өткен. «Шара барысында Атбасар ауданы аумағында криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлері 41 жастағы қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Оған Ресейдің Мәскеу облысының Ішкі істер бас басқармасы мемлекетаралық іздеу жариялаған. Осыған байланысты ресейлік әріптестерге хабарландыру жолданды», - дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, шара барысында көпқабатты тұрғын үйлердің 254 жертөлесі, 316 кәріз құдығы, 183 иесіз ғимарат, 292 үй шатыры, вокзал аумағы, қалалық базар мен сауда орындары тексерілді. Акцияның алғашқы екі күні полиция бөліміне 443 қаңғыбас жеткізіліп, фото және дактолоскопиялық есепке алынды. 

Із-түзсіз жоғалған 7 адамның жүрген жері анықталып, қаңғыбастар тарапынан жасалған бірқатар ұсақ қылмыстың беті ашылды.

Биыл 340 мың тонна «ақ алтын» жиналады
Елжан Біртанов екпе алмаған бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдауға тыйым салуды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу