Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынды
1 жасқа дейінгі және 1 жастан жоғары ұрғашы бұзау мен сиырды Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынады. Осы жөнінде ҚР ауыл шаруашылығы министрі мен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрі ауыл шаруашылығы жануарларын сыртқа шығаруға қатысты бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшсі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР ауыл шаруашылығы министрінің аталған №1118 бұйрығы 2019 жылдың 10 қазанында шықты. Сонымен қатар, сол күні ҚР премьер- министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрінің №368 нөмірлі бұйрығы шықты.
«6 ай бойы ірі қара малдарды, атап айтқанда 1 жасқа дейінгі және 1 жастан жоғары ұрғашы бұзау мен сиырды Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынады. Сондай-ақ, ұрғашы қой мен ешкі және оның лақтарын шығаруға да тыйым салынады», - делінген бұйрықта.
Аталған бұйрықты ауыл шаруашылығы министрлігінің Еуразия экономикалық комиссиясына хабарлау керектігі айтылған.