Қорғаныс министрі Арыстағы әскери жауынгерлердің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты

Oinet.kz 14-10-2019 1507

Картинки по запросу нұрлан ермекбаев

Арыс қаласын оқтан тазарту жұмыстары әскери қызметкерлерге қиындық туғызып отыр. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз қазір Жоғары бас қолбасшының тапсырмасын орындап жүрміз. Қалған оқ-дәріні тезірек шығаруды талап етіп отырған арыстықтардың талабы, мемлекеттік қажеттілік бар. Біз ондағы жұмыстарға әскерге шақырылғандарды жұмылдырмаймыз. Тек біліктілігі жоғары, даярланған саперлер мен инженерлер, әскери полицейлерді тартамыз. Барлығы да келісімшарт бойынша қызмет ететіндер", - деді Ермекбаев үкімет кулуарында.

Сондай-ақ, қорғаныс министрі Арыс маңында қанша оқ-дәрі қалғанын айтуға құқы жоқ екенін атап өтті.

"Әскерилер барлық жерде жұмыс істеп жатыр. Алайда қазір қала тұрғындарына тікелей қауіп төніп тұрған жоқ. Қаланың барлық дерлік аумағы тазартылған. Негізгі жұмыстар жарылыс болған әскери бөлімнің аумағында жүргізіліп жатыр. Жұмыс қауіпті", - деді министр Нұрлан Ермекбаев.

Әскери қызметшілер Арыс тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп, алға қойылған міндетті орындау үшін саналы түрде басын қатерге тігіп жатыр.

"Әскерилерден басқа бұл міндетті ешкім орындай алмайды. Бұл үшін біліктілігі жоғары, дайындалған кәсіби мамандар қажет", - деп жалғастырды Ермекбаев.

Министр қазақстандықтарды әскерилерге моралдық қолдау көрсетуге шақырды.

"Олар қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Нағыз жауынгерлік ахуал, өмірлері үшін қауіп-қатер бар", - деді Ермекбаев.

Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
Алматы облысының медициналық мекемелеріне 223 дәрігер маман жетіспейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу