Мешітте атыс болып, 16 адам мерт болды

Oinet.kz 14-10-2019 1143

Картинки по запросу атыс

Африканың батысындағы Буркина-Фасо мемлекетінде мешітте атыс болып, 16 адам қаза тапты. Тағы екеуі ауруханада ауыр халде жатыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қарулы шабуыл Салмосси ауылында болған. Шабуылды содырлар жасаған. Әзірге бірде-бір лаңкестік топ атыс үшін жауапкершілікті өзіне алған жоқ. Буркина-Фасо елінде екі ірі террористік топ бар. Олар: «Ансар уль-Ислам» және «Ислам мен мұсылмандарды қолдау тобы». 

Жергілікті тұрғындардың көбі ауылдан жақын маңдағы аудандарға кетіп қалған. Адамдардың көпшілігі Малиге қашып кеткен. Қазан айының басында тұрғындар бірден бірнеше қалада наразылық акцияларын өткізген болатын. Олар исламшылардың шабуылымен күресу үшін шетелдік әскерлерді елге кіргізуді талап еткен еді. Мәлімет бойынша, содырлар 2015 жылы белсенді әрекет ете бастаған.

Біржан Нұрымбетов қазақстандық азаматтар мен шетелдік жұмысшылардың жалақыларын жария етті
Белгиядан ұтылып қалған ұлттық құраманың бас бапкері команданың басты мәселесін қозғады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу