Біржан Нұрымбетов қазақстандық азаматтар мен шетелдік жұмысшылардың жалақыларын жария етті

Oinet.kz 14-10-2019 976

Картинки по запросу біржан нұрымбетов

Атырау облысындағы мұнай және газ өңдеу зауытына сапары кезінде қазақстандықтар мен шетелдік мамандардың жалақыларындағы айырмашылық белгілі болды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді, деп хабаралайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Атыраудағы зауыт ұжымымен кездесуде Нұрымбетов өзі басқаратын ведомство бас прокуратурамен бірлесіп, 50-ден астам шетелдік жұмыс күшін тартқан елдегі кәсіпорындарға тексеріс жүргізгенін атап өтті

"Осы жылдың 8 қазанында 49 кәсіпорында тексеріс аяқталды, 791 еңбек және көші-қон заңнамасын бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде жалақы және сыйақы төлемдеріндегі сәйкессіздік те бар – 24 кәсіпорында 476 дерек. Мысалы, Атырау облысында "Нефтестройсервис ЛТД" ЖШС жергілікті инженерге бір сағаттық тарифтік мөлшерлемені 568 теңге, ал осыған ұқсас қызметтегі шетелдік жұмысшы үшін 6500 теңге етіп белгілеген. Мұндай тәжірибеге жол берілмейді", - деп мәлімдеді министр.

Оның айтуынша, жұмыс берушілер Қазақстан азаматтары мен шетелдік жұмысшыларға бірдей еңбек жағдайын жасап, бірдей жалақы төлеуі керек.     

Елімізде белгіленген квоталарға сәйкес, 2425 компания шетелдік жұмысшыны тартып жатыр, оларда сондай-ақ 531 мың қазақстандық еңбек етеді.

2019 жылдан бері Атырау облысында 364 жұмыс беруші тоғыз мыңнан астам шетелдік азаматты жұмысқа шақырған. Оның ішінде 63 адам – басшылар және олардың орынбасарлары.   

Өрттен зардап шеккен Көк-Төбенің айналасы өзгерді
Мешітте атыс болып, 16 адам мерт болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу