Өрттен зардап шеккен Көк-Төбенің айналасы өзгерді

Oinet.kz 14-10-2019 945

Похожее изображение

Көк-Төбеге 40 мың Сиверс алма ағаштары мен Қазақстан, Нұрсұлтан Назарбаев сұрыптарындағы қызғалдақтардың 500 мың данасы отырғызылды. Көгалдандыру акциясына 500-ге жуық адам қатысса, оның 200-ге жуығы студенттер болды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық жасыл экономика басқармасы мамандарының айтуынша, көшеттерді отырғызу жұмысы арнайы алаңдарда жүзеге асырылып, әр көшет бір-бірінен төрт метр қашықтықта орналастырылды. Алаңдар таудың етегінде каскад бойынша орналасқан.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың ұйытқы болуымен қолға алынған Jasyl Almaty көгалдандыру акциясының маңыздылығына тоқталды.

"Акция басталғаннан бері ондаған мың ағаштың көшеттері отырғызылды. Бұл – қаланың жасыл қоры толығып, экологиялық жағдайы жақсарып, ауасы да біршама тазара түседі деген сөз", - деді Бабақұмаров.

Көк-Төбе тауының баурайы тамыз айында болған өрттен зардап шеккен еді. Бүгінгі акцияның арқасында ботаник Сиверстің құрметіне аталған жабайы алманың популяциясы қалпына келтірілмек. Алманың бұл түрі алғаш рет 1793 жылы отырғызылды.

Головкиннің промоутері: «Біз келіссөз жүргізіп жатырмыз»
Біржан Нұрымбетов қазақстандық азаматтар мен шетелдік жұмысшылардың жалақыларын жария етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу