Белгиядан ұтылып қалған ұлттық құраманың бас бапкері команданың басты мәселесін қозғады

Oinet.kz 14-10-2019 843

image.png

Қазақстан құрамасы Бельгиядан 0:2 есебімен ұтылып қалған болатын. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бельгиямен өткен ойыннан кейін команданың басты проблемаларын айтты, деп жазады Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ сайты.

«Қазақстан футболшылары шетел чемпионаттарында ойнауы тиіс, мәселен Ресей премьер-лигасында. Сондай-ақ ҚПЛ клубтары еурокубоктерге көптеп қатысса дұрыс болар еді. Тәжірибе солай жиналады», - деді Михал Билек. Гол соғу жағының да ақсап тұрғанын тілге тиек етті. 

«Әр матчта қақпаны дәл көздегіміз келеді, бірақ Бельгия әлемнің ең үздік командасы, оларға қарсы ойнау оңайға соқпады», - деді Билек. 

Михал Билек шәкірттері қалған екі ойынды сырт алаңда Сан-Марино және Шотландияға қарсы өткізеді.

Мешітте атыс болып, 16 адам мерт болды
Биыл 19,1 млн тонна астық бастырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу