168 жас дәрігер дипломмен ауылға аттанды

Oinet.kz 11-10-2019 1119

Дипломмен ауылға: Алматы облысында 168 жас дәрігер ауылға аттанды

Оларға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Алматы облысындағы медициналық мекемеге жұмысқа орналасқан 296 жас дәрігердің 168-і ауылда қызметін жалғастырмақ, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақтың айтуынша, жалпы облысқа келген жас мамандарға бір реттік көтермеақыдан бөлек үймен қамту мәселесі де қарастырылған. Жергілікті медициналық мекеме дәрігерлерді жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар ауылдық жерге жұмысқа орналасқан маманға айлық жалақысына 25 пайыз мөлшерінде үстеме жалақы төленеді.

Алматы облысына 2009-2018 жылдар аралығында 2162 дәрігер келген. Оларға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы түрлі жеңілдіктер жасалды. Баспанамен қамтылып, пәтер алуға жеңілдетілген несие, сондай-ақ көтермеақы берілді. 

Жетісу өңіріне жұмысқа орналасқан мамандарға «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы қолдау көрсетіп, Талдықорған қаласындағы Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының балалар дәрігері Артём Решетов пен Талдықорған қалалық емхананың дәрігері Дарменбекова Жанарға 1600000 теңгенің тұрғын үй сертификатын табыстады. Сондай-ақ бірнеше жас дәрігерге 500 000 теңгенің сертификатын берді.

Баян Алагөзова салмағы 105 келі ақтөбелік қызды жұлдыз қылмақ
Жасанды ет дайындап, мейрамхана қонақтарына ұсынып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу