«Шырайлы шаһар шежіресі» – әдебиет пен тарих тоғысқан танымдық саяхат

Oinet.kz 24-06-2026

Қазақ руханиятында шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Шымкент – ұлтымыздың өсіп-өнген, көктеп-көбейген мерейлі мекені. Сондықтан мен шырайлы қаланың халқын Жерұйығын тапқан жұрт деп сеніммен айтамын.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Screenshot_3.png

Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, ғасырлар шежіресін қойнауына бүккен шырайлы Шымкент – бүгінде өткен күннің мұрасы мен болашақтың инновациясын үндестірген өлкетану бесігі. Қаланың рухани келбетін айқындап, тұрғындардың кітапқа, туған жер тарихына деген сүйіспеншілігін ояту – заманауи кітапханашылардың басты мұраты. Осындай игі мақсатты ту еткен Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы 19 маусым – Қала күніне орай «Әдеби автобус» жобасы аясында  «Шырайлы шаһар шежіресі» тақырыбында ерекше мәдени шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара қаланың көрікті жерлерімен қатынайтын «Red Bus» экскурсиялық автобусында өтті. Іс-шара барысында автобус жолаушылары үшін арнайы экскурсиялық бағдарлама ұсынылды. Тәжірибелі гид қатысушыларды Шымкент қаласының бай тарихымен, мәдени мұрасымен таныстырып, шаһардың қалыптасуы мен дамуына қатысты көптеген қызықты деректер мен танымдық мәліметтерді баяндады. Шараның мазмұнын байыта түскен Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы оқырмандар мен қала қонақтарына арналған танымдық бағдарламалар ұйымдастырды. Жолаушылар қызықты викториналарға қатысып, зияткерлік сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынауға мүмкіндік алып, «Шаһарға саяхаттайық» тақырыбында кітапхана қорында бар, Шымкент қаласы жайында мағлұмат беретін кітаптарды арнайы таныстырып, насихатталды.  Қала тарихы мен мәдениеті туралы ойындар мен байқаулар көпшіліктің қызығушылығын арттырып,  белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, мерекелік көңіл-күй сыйланып, кітапханаға шақыру кітапшалары таратылды. «Әдеби автобус» жобасы қала тұрғындары мен қонақтарына Шымкенттің өткені мен бүгінін тереңірек танып-білуге мүмкіндік беріп, әдебиет пен өлкетануды ұштастырған мазмұнды мәдени саяхатқа айналды. Бұл игі бастама туған өлкенің тарихын насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды жобалардың бірі ретінде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Ұлттың рухы кітаппен көркейіп, кітапханамен биіктейді. Оқырманды рухани қазынамен байытқан бұл жоба әдебиеттің құдіретін, кітаптың құндылығын және кітапхананың қоғамдағы маңызды орнын тағы бір дәлелдеді. Шырайлы шаһардың әрбір тұрғынын білім бесігі – кітапханамыздан көруге асықпыз!

Поштаева Айзада Бестайқызы,

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханысының

Мерзімді басылымдар бөлімі» қызметкері 

В воинских частях Вооруженных сил внедряется пилотный проект Voenmart
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу