Ел бойынша алғаш рет Шымкентте құбырішілік диагностика енгізілді
Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Мегаполисте жылу желілерінің тозу деңгейін төмендетіп, апаттың алдын алу мақсатында құбырішілік диагностика технологиясы енгізілді.

Бұл технология Қазақстанда алғаш рет Шымкент қаласында пилоттық жоба ретінде сынақтан өтті. Заманауи әдіс жылу құбырларының ішкі қабырғаларын жоғары дәлдікпен сканерлеп, жасырын ақауларды анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінде қаладағы магистралды 7 көшеде диаметрі 426-1000 мм аралығындағы 3 200 метр жылу құбырына диагностика жүргізілді. Нәтижесінде құбырлардың техникалық жай-күйі қанағаттанарлық деп танылып, қауіпті учаскелер бойынш


