Жастар заң мен тәртіп жолында: Шымкентте ауқымды жастар слеті өтті

Oinet.kz 25-05-2026

Шымкентте жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, патриоттық рухын нығайтуға және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды «Жас сақшы» және волонтерлар слеті ұйымдастырылды. 

Screenshot_4.png

Іс-шара «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында өтті.«Металлург» стадионындағы тағылымды кездесуге «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары, жол қозғалысының жас инспекторлары, колледж студенттері, еріктілер мен белсенді жастар қатысып, жалпы саны 500-ге жуық жастың басын қосты.

Ауқымды іс-шара барысында қатысушылар үшін түрлі танымдық әрі қызықты сайыстар, командалық квест ойындары мен тәжірибелік көрсетілімдер ұйымдастырылды. Жастар құқықтық сауаттылық, тәртіп пен қауіпсіздік бағытындағы тапсырмалар арқылы өз білімдері мен ептіліктерін сынады.

Слет аясында полиция департаментінің арнайы техникасы мен заманауи құрал-жабдықтары таныстырылып, қатысушыларға арнайы көрме ұсынылды. Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі - жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қойылымы мен кинологиялық орталық мамандарының қызметтік иттермен көрсеткен арнайы бағдарламасы болды.

Сондай-ақ полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы күрес, киберқауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын құрметтеу мәселелері жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жас буынның құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың ел қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке және қоғам алдындағы жауапкершілікке деген көзқарасын нығайтуға ықпал етеді.

Решение суда МФЦА по делу "Газпрома" и "Нафтогаза" не будет исполнено на террито
Молодежь выбирает закон и порядок: масштабный слёт «Жас сақшы» и волонтёров прошел в Шымкенте
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу