Елге, жерге деген махаббат - тазалықтан басталады

Oinet.kz 06-10-2025 54

«Таза қала» жалпықалалық сенбілік жұмыстары Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында да ұйымдастырылды. Оған ауданның ақсақалдары, ерікті жастары және шаһар тұрғындары қатысты.

Screenshot_33.jpg

Жалпы аудан бойынша сенбілікке 9363 қызметкер мен 23 техника қатысып, 25,55 тонна қоқыс шығарылды. Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, бұл іс-шараның мақсаты – тарихы терең рухани Шымкент қаласының тұрғындарын тазалыққа үйретіп, қаланың келешегі үшін әрбір азаматтың еңбек етуі маңызды екенін түсіндіру, елімізге деген сүйіспеншілікті одан әрі арттыру және жастар бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. Себебі елге, жерге деген махаббат, жанашырлық тазалықтан басталады. 

–  Қала тұрғындары «Таза қала» акциясына үлес қосып, белсенділік танытуда. Бұл акцияға қаланың ақсақалдары да қатысып жастарға үлгі көрсетуде. Аудан көлемінде ұйымдастырылған акцияның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты, қоршаған орта мен тарихи-мәдени мұраға ұқыпты көзқарасты қалыптастыру, – дейді Әл-Фараби ауданынының әкімі Маратбек Мықтыбеков. 

Сенбілікке Әл-Фараби ауданы әкім аппаратымен қатар «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Таза Өлке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 400 қызметкер мен 15 техника қатысып, 20 тонна қоқыс шығарылған. Аудан тұрғындары, кәсіпкерлері және мекемелері белсенділік танытып, 4500 адам сенбілікке қатысқан. 

Сонымен қатар, Тұрғын үй басқармасынан 22 қызметкер, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасынан 35 қызметкер мен 2 техника, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасынан 24 қызметкер мен 1 техника, Білім басқармасынан 32 қызметкер, ал Дін істері басқармасы (КММ және ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі және басқа да ұйымдар) 4350 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.

– Шымкент қаласы – көне дәуірлердің естелігі, адамзат мәдениетінің биігінде айтарлықтай орны бар шаһар. Сондықтан 2200 жылдан астам тарихы бар өлкеге арнайы ат басын бұратын туристердің саны бүгінде аз емес. Шымкент қаласына келген қонақтарды тамаша әсерде қалдыру үшін қаланың құлпырып тұрғаны жақсы. Бұған бәріміз өз үлесімізді қоса аламыз. Осы мақсатта мен еріктілер тобында сенбіліктерге шығып, қаламыздың көркеюіне, жасыл, таза қала атануына өз үлесімді қосып жүрмін. Тобымызда туған жерін, Отанын сүйетін патриот жастар көп. Үйренгенім тек айналаны тазалау ғана емес, сонымен қатар әртүрлі қоғамдық жұмыстар мен өмірлік сабақтарды да алдым десем де болады. Бұл – мен үшін мақтана айтатын жұмыс. Себебі жұмыс уақытысын сабақ кестесіне қарай ыңғайлы етіп қоюға болады. Сонымен қатар өз ортаңды, яғни жақын достарды табуға да мүмкіндік береді. Ең бастысы, отансүйгіштікке бейімдеп, айналамызды таза ұстап, патриоттық сезімге тәрбиелейді, – дейді жас ерікті Азамат Мұрат

Сенбілік аясында қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу, шөп шабу, жолдар мен аяқжолдарды жуу, қоқыс алаңшаларын тазалау жұмыстары атқарылды. 

Қоршаған ортаны қорғау арқылы Отанға деген патриоттық сезім оянады
Тазалықты сақтау және табиғатты аялау ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу