Кітапханадағы тағылымды кеш

Oinet.kz 08-09-2025 32

Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. Мемлекет басшысы Қасым-¬Жомарт Тоқаев «Еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек», дей отырып,  Ұлы Жеңістің 80 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді тапсырған болатын. 

Screenshot_13.jpg

Жеңіс баршамызға ортақ. Бұл – ең алдымен, ержүрек бабаларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі мен ерлігін, парызға адал және антқа берік болғанын ұмытпау. 

Сол сұрапыл соғыс кезінде теңдесіз батырлық пен батылдық көрсеткен қазақ батырларын зор құрметпен есте сақтау мақсатында Шымкент қаласындағы №8 кітапхана бөлімшесі №35 М.Мәметова атындағы ЖББ мектебімен бірлесе, Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың өмірі мен ерлігін насихаттау мақсатында «Төлегеннің ерлігі» атты әдеби кеш өткізді.

Кітапхана қызметкерлері Батырдың өмір жолымен, Ұлы Отан соғысында жасаған ерлігімен таныстырды. «Қатардағы гвардия жауынгері Төлеген Тоқтаров Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында майданға кірді. Дивизияның «Отан үшін» газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино селосына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино селосы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтермей әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 метр қалғанда ол қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Жау кейін шегінді. Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаровқа қаза тапқаннан кейін 1943 жылдың 30 қаңтарында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді» деп атап өтті жүргізуші.

Төлеген Тоқтаров туралы композитор Р.Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін (1942), ақын Н.Баймұратов «Ер Төлеген» (1945) дастанын жазды. Өзі соғысқа дейін жұмыс істеген Риддер полиметалл комбинатының аумағында батырға ескерткіш орнатылып, Төлеген оқыған №10 мектепке оның есімі берілген. Өскемен, Риддер, Алматы қалаларының бір көшесі Төлеген есімімен аталады. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Батыл гвардияшыл Новгород облысы Старорусс ауданының Бракловицы деревнясында жерленген.

Кітапхана оқырмандары мен мектеп оқушылары кеш барысында патриоттық өлеңдер оқып, ән орындады. Мұнда Төлеген Тоқтаровқа арналып жазылған, майдандас достарының «Ер Төлеген» дастаны мен «Жас қазақ» әні оқылып, шырқалды. Кешке жиналған қауым керемет әсерге бөленді. 

Кеш Төлеген Тоқтаровтың майдан даласында қазақ жауынгері мен қарулас жолдастарын жігерлендіріп, батыл қимылдауға шақыратын «Ажалдың көзіне тура қара, кірпік қақпа, сонда сенен ажал қорқады, сен жеңесің» деген қанатты сөзіне құрылған «Төлегеннің ерлігі атты сахналық көрініспен түйінделді.

Бесікке салу қазақтың көнеден келе жатқан ата дәстүрі
Испиджаб – қазақ руханиятының ордасы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу