«Ескі қалашықта» табылған жәдігерлер көне шаһар тарихының куәгері

Oinet.kz 05-09-2025 32

Шымкент қаласындағы «Ескі қалашықта» қазба жұмысын жүргізген архиологтар қала тарихының біз ой ойлағаннан да әлдеқайда арыда жатқанын дәлелдеп отыр. 

Screenshot_6.jpg

Оған сол қала жұртынан табылған көне жәдігерлер куә болуда. Мәселен, 2018 жылғы археологиялық қазба жұмыстары барысында XVI-XVII ғғ. жататын тұрғын үйлердің орындары ашылды. Бұл үйлер толықтай консервацияланған. Бөлмелердің ішінде тандырға ұласқан сыпалары бар, сонымен қатар хұмдар еден бетінен ойылып орналастырылып, ернеуі еден деңгейімен бірдей сыланып қойылған. Бұл хұмдарда астық немесе су құйып қойған. Тандырлардың кені сыпа арқылы өтіп, дуалдың бұрышынан шыққан. Бөлмелерден тас қайрақтар, дән үккіш тастар табылған.

Қорғаныс дуалы мен осы тұрғын кешендерінің ортасында ені 1,5-2 метрге жуық жол ашылған. Жол төрт түлік малдың сүйегінен, керамиканың сынықтарынан және майда тастармен төселген.

Ал 2017 жылғы қазба жұмыстары кезінде табылған Қарахан дәуіріндегі (ХІІ-ХІІІ ғғ) тұрғын үй кешенінен де көп жәдігерлер табылған болатын. Ол тұрғын үй үш бөлме, екі дәлізден тұрады. Біріншісі ошағы мен сыпасы бар ас үй бөлмесі, едені күйдірілген қызыл кірпішпен төселген. Қарахан дәуіріндегі күйген кірпіштің көлемі 24х24 см., қалыңдығы 3-4 см болған. Бұл бөлмеде үй егелері тамақ пісірген және тамақтанған. Сыпа үстіндегі екі түрлі көлемдегі дастарқан, бұл әрі стол және ыдыс, табағында қамыр илеп, келесі бетінде қамыр жайған. Екінші бөлме, бұл жатын бөлме, бұл бөлмеде адамдар ұйықтап тыныққан, Г-тәріздес сыпасы бар, сыпаның астынан жүргізілген кеннің арқасында сыпаның беті жылы болған. Сыпа кереуеттің және отыратын орындықтың қызметін атқарған. Бөлменің ортасында жылжымалы ошақ төсеніш орналасқан, бұл төсенішке шоқ салынған. Үшінші бөлме бұл азық-түлік сақтайтын қойма, ұяшықтар – Закрома деп аталады. Закромада бидай, ұн жеміс-жидектер, көкөністер сақталған.

Сонымен қатар археологиялық қазба жұмыстары кезінде осы дәуірге жататын көптеген сырланған керамикалық бұйымдар – легендер, кеселер, қазандар, майшамдар, ваза тәріздес құмыралар, дастарқандар, моншақтар, теңгелер және т.б көптеген жәдігерлер табылған. Табылған жәдігерлер қазіргі таңда камералдық өңдеу үстінде (камералдық өңдеу деген – жапсыру, реставрация, құжаттау және т.б). Өңделген жәдігерлер болашақта осы кешеннің экспозициясына қойылады.  

Жалпы Шымкенттің тарихи орны – «Шымкент ескі қалашығында» келушілердің назарына көптеген жәдігерлер ұсынылған. Соның бірі – арба. Арба – екі немесе төрт дөңгелекті болып келеді, ол атқа, есекке, өгізге, түйеге жегілетін жүк таситын көлік. Яғни, қолданысына қарай ат арба, өгіз арба, түйе арба, есек арба деп жіктейді. Жалпы қазақ халқы арбаларды екі түрге бөлген: екі дөңгелекті арба жəне төрт дөңгелекті ірі арба. Қос доңғалақты арбалар ойлы-қырлы жерлермен, жолсызбен жүруге, арық-жылғалардан, батпақ пен құмнан өтуге қолайлырақ болып келеді. 

Арбаның дөңгелегі ежелгі түсінік бойынша күн шеңберін бейнелейді деп есептелгендіктен, қасиетті деп саналған. Арба ерте заманнан, әсіресе, ежелгі түрік дәуірінен бастап әскери көлік ретінде де қолданылды. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінде жүк тасу үшін доңғалақтарының диаметрі 2 метрге дейін жететін қос доңғалақты арбалар пайдаланылған. Оларды қазақтар «қоқан арба» деп атаған. Негізгі материалы ағаштан жасалған. Сонымен қатар шойын бекіткіштер де қолданылған. Өлкеде арба жасайтын ұста шеберлері сұраныстарға сай осындай арбаның түрлерін жасап отырған.

Ордабасы алаңы – рухани орталық
Тарихы терең Шымкент
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу