Екі күнге созылған фестивальде ұлттық құндылықтар дәріптелді

Oinet.kz 30-08-2025 33

Бүгінгі күні өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына ұлттық патриотизм құндылықтарын сіңіріп, оның жалғастығын үзбеу маңызды мәнге ие. 

Screenshot_41.jpg

Осы ретте Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы, Маятас елді мекеніндегі «Ранчо» демалыс аймағында жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды жастарды қолдау және тәуелсіздік тағылымын дәріптеу мақсатында «Тарихи күндер тізбегімен» атты өңірлік мәдени-танымдық фестиваль өтті.

Шымкент қаласы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Ермек Дәрменовтың айтуынша, шаһарда ұлттық спорттың 10 түрі дамытылуда. Соңғы жылдары барлық спорт түрлерінен халықаралық турнирлер өтіп, қажетті жағдайлар жасалуда. Ал 28-29 тамыз күндері  ұйымдастырылған фестивальге 10 команда қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін сахналық қойылымдар арқылы таныстырды. Сондай-ақ жастар бауырсақ пісіру, арқан тарту, қошқар көтеру, садақ ату, қол күрес сияқты ұлттық ойындардан өзара бақ сынады. 

Ал Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлованың айтуынша, іс-шараның мақсаты – қала жастарының азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды жастарды анықтау және тәуелсіздік тағылымын таныта отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу.

– Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары туралы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн», - деген болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, бүгінгі күні ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызға елеулі көңіл бөлініп отыр. Соның дәлелі бүгін ұйымдастырылып отырған фестиваль. Осы іс-шараның аясында демалыс аймағында жоғары оқу орындарының шәкірттері 10 командаға бөлініп, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналған театрландырылған көріністерді сахналады. Қатысушылар бауырсақ пісіру, арқан тарту сияқты ұлттық ойын түрлерінен де сайысқа түсті. Бұл көрініс көптің көңілінен шықты, – дейді ол.

Ал фестевальдің кешкі бағдарламасына қатысқан Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, мұндай басқосулар жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге, ұлтық дәстүрді қайта жаңғыртуға өз септігін тигізетінін айтты. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Қала әншілері Қуаныш Әбжапбар мен Ақсұңқар, «Ақбұлақ» және «Самал-3» жайдарман командаларының өнері жастардың көңілінен шықты. Фестивальдің екінші күні дарынды жастар түрлі ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсіп, өзара мықтыларды анықтады.

Қалалық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы Аружан Русланқызы жеңімпаз және жүлдегер командаларды марапаттап, жастардың алдағы қадамдарына сәттілік тіледі. Екі күнге созылған іс-шара осылайша ел жастарының рухани дамуына, бірлігін нығайтуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. 

Шымкенттіктер тұрақты экологиялық даму бағытын айқындады
Елдік пен ерлікке бастаған ескерткіш
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу