Бесік тойға бес ой

Oinet.kz 08-09-2025 42

Ұлтымызда өмірге келген әрбір сәби бесікке бөленіп, бесік жырын естіп өседі. Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми қызметкері Ақмарал Леубаева ата-бабалырымыз «бесік тек бала тербететін құрал емес, жақсылықтың тілеушісі» деп үлкен құрметпен қараған дейді. 

Screenshot_10.jpg

Ал бүгінде еліімзде үшінші мегаполис қалада ұлттық тәрбиенің бастауы – бесік той өз дәстүрлері мен наным-сенімдерін сақтап өткізіледі ме? Сауалға Ақмарал Леубаева жауап бере отырып, өз ұсыныстарын білдірді.

 – «Мал – баланың шашуы" деген халқымыз нәресте туылғанда  ұрпақ берген нығметіне шүкіршілік етіп, мал сойып ақиқа берген. Осы амалға қарап қазақтың шілдехана, бесік тойын шариғаттан шет кетпеген ұлттық салт десек те болар. Қазіргі уақытта бесік әкелу , бесікке салу, бесік тойдың өзі бәсекеге айналды. Көзіміз куә болған көңіліміз толмайтын кейбір көріністерді

тізбелемей-ақ түзігін айтсақ.

1-ші ой: Буыны қатпаған сәбиді бесікке салғанда көпшіліктің көзінен таса етіп, әр отбасы өз шаңырағында өткізсе.

2-ші ой:  Бесік тойды алыс-берістің бизнесіне айналдырмай,  өз отбасыңызбен, әрі кетсе  өз ағайын әулетіңізбен тойласаңыз. Соңғы кездері бесік тойға ер-азаматтар да келетін болған. Бесік той әйелдер қауымының у-шусыз өткізетін жиын болған. Ерсілі-қарсылы  жүрмек тұрмақ бесік тойда әжелеріміз қатты дауыс көтеріп сөйлемеңдер бала жылауық болады деп ұрсатын. 

3-ой:Мына дүниеге келген періште сәбидің алғашқы тойында ішімдікті араластырмаса. Қазақтың қасиетті бесігін қорламаса. Тойда стақан көтеріп тілек айтатын көбінесе жастар емес, байқасаңыз үлкендер жағы.  Осы әдеттен тыйылса үлгі тұтар үлкендер!

4-ой:Бесікті нағашы жұрттың әкелуі заманның заңдылығына айналғандай. 

Қазақ баланың бесігін өздері ағашын таңдап арнайы шеберге  жасатқан. Ол бесік атадан-балаға мұра болған. Болмаса баланы ырымдап өз руынан шыққан батыр, би, данагөйлердің бесігін алдырып бөлеген. Ал нағашы жұрты тойға балаға атаған тайын жетектеп, сый сияпатымен  келген.

 Жарайды, перзенті үшін ата-ана бәріне даяр. Біздің айтайын дегеніміз, қазіргі бесік тойларда баланың киім-кешегін, ойыншықтарын жасауын жарысып әкелетіні. Осы мәселенің байыбына барып, ысырапқа жол бергенді дініміз де дәстүріміз де дұрыс көрмейтінін есте сақтасақ!

5-ой. Қала тұрғындарының яғни көпқабатты үйде тұратын отбасылардың жағдайын ескеріп, бесік той, шілдехана тойларды ішімдіксіз  өткізетін арнайы орындар болса.

Болмаған жағдайда  Шымкент қаласындағы республикамызда баламасы жоқ  «Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығында» шағын топпен, өз әулетіңізбен той өткізуіңізге болады.

Ұршық – ұрпаққа аманат
Ермек Кошербаев посетил социальные объекты Шымкента
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу