Тарихшылар архивтік құжаттарды зерттей отырып, жаңа деректерді анықтауда

Oinet.kz 29-08-2025 19

Шымкенттік тарихшылар архивтік құжаттарды зерттей отырып, Алаш қайраткерлерінің өмір жолы мен қоғамдық қызметіне қатысты жаңа деректерді анықтауда.

Screenshot_18.jpg

Ғылыми қауымға белгілі тарихшы, «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ордалы Қоңыратбаевтың «Тұрар және Түркістан кітабы» жарық көрген болатын.

«Кітапқа Түркістан Республикасының Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Қаржы комитетінің протоколдары» (1923 ж.) («Протоколы Финансового Комитета при Совете Народных Комиссаров Туркестанской Республики (1923 г.)» атты құжаттар мен материалдар жинақталған. Сондай-ақ көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі тың архив құжаттары негізінде жан-жақты ашып көрсетілген. 

«Бұл кітапқа Өзбекстан Республикасының Ұлттық Архивінде сақталған құжаттар мен материалдар енгізілген. Бұл қаржы комитетін 1923 жылы Тұрар Рысқұлов өзі ұйымдастырып, басқарды. Қаржы комитеті Түркістан Республикасының тарихында зор рөл атқарды», – деді жинақ авторы Ордалы Қоңыратбаев.

Ордалы Қоңыратбаевтың айтуынша, жиырма жылдай ірі мемлекеттік қызметте жүрген кезінде Тұрар Рысқұлов түркі-мұсылман қайраткерлеріне, әсіресе, жастарға қолынан келген көмегін беріп отырды. 1920 жылы Ахмет Байтұрсынлвпен бірге Ленинге ұлт мәселесі бойынша хат жазды. 1922 жылы кұзде заңсыз босатылған Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановты Қарқаралы түрмесінен босатып алды. Азамат соғысынан кейін қуғындалған Алаш қайраткерлері Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов және т.б. көптеген тұлғаларға Түркістанға келіп, шығармашылықпен, қоғамдық-мәдени істермен айналысуға қамқорлық жасады. Тұрар Рысқұлов Түркістанның болашақтағы саяси тәуелсіздігінің іргетасын қалайтын мыңдаған таланатты жастардың тұлға ретінде қалыптасуына зор көмек көрсетті, - дейді ғалым. 

Тарихшы- ғалым қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшылары Тұрар Рысқұлов пен Әлихан Бөкейханов туралы көптеген еңбектер жазды. Бес монографияның, үш ғылыми жинақтың құрастырушысы әрі редакторы, 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы.

Шымкенттік тарихшылар Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметін тереңірек зерттеу мақсатында архивтік деректерге сүйеніп, жүйелі ізденіс жұмыстарын жүргізіп келеді. Олар еліміздің орталық және өңірлік архивтеріне барып, ХХ ғасыр басындағы құжаттар мен мұрағат материалдарын зерделеу арқылы ұлт тарихындағы ақтаңдақ беттерді жаңғыртып, Алаш арыстарының ұлт мүддесі жолындағы ерен еңбегін ғылыми айналымға енгізуде. Бұл зерттеулер жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде маңызды рөл атқарады.

Той рәсімі өз дәстүрінен ажырамауы керек
Архив құжаттары – тарихтың көмескі беттерін айқындайтын құнды дереккөз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу