Архив құжаттары – тарихтың көмескі беттерін айқындайтын құнды дереккөз

Oinet.kz 29-08-2025 21

Архив қорларында сақталған тарихи құжаттар – ұлттың өткен жолын тануда таптырмас құрал. Әсіресе, ХХ ғасырдың саяси қуғын-сүргін, ашаршылық, Алаш қозғалысы сияқты ақтаңдақ тұстары тек архив деректері арқылы ашыла түсуде.  

Screenshot_19.jpg

Бүгінде Шымкент қаласының тарихшылар мен зерттеушілері осы құжаттар негізінде ел тарихының беймәлім беттерін зерттеп, ұмыт қалған тұлғаларды жарыққа шығарып келеді. Бұл – ұрпақ санасына шынайы тарихи жадыны қалыптастыруда маңызды қадам.  Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметін тың архив құжаттары негізінде жан-жақты зерттеп жүрген  Әуезов университетінің тарихшы-ғалымы Ордалы Қоңыратбаевтың Алаш арысы туралы көптеген маңызды деректерді ұсынып отыр. Соның бірі Тұрар Рысқұловтың әз Наурызды 1920 жылы бүкілхалықтық мереке деп жариялаған.

– 1920 жылы 20 наурызда Тұрар Рысқұлов Түркікаткомның арнайы мәжілісін шақырып, 22 наурызды бүкілхалықтық мереке – Наурыз күні деп жариялау туралы өзі даярлаған бұйрықты қабылдауға ұсынады. Түркікатком мүшесі И.Любимов Наурыз мерекесінің ислам дінімен байланысты өмірге келгені туралы дау туғызбақ болған кезде, Т.Рысқұлов бқл мерекенің Тұркістанның жергілікті халықтары үшін жаңару, бейбітшілік сипаттағы мәні өте үлкен екенін және мерекенің діни фанатизммен ешқандай байланысы жоғын сабырлылықпен түсіндірді. 22 наурыз – Түркістанның күн тізбегінде демалыс күні деп жарияланды, - дейді архив деректерін ақтарған ғалым (Тұрар және Түркістан зерттеулер). 

Ғалымның айтуынша, көрнекті және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметінің әлі де тереңдете зерттеуді қажет ететін тұстары баршылық, олардың бірі қайраткердің Мәскеу Шығыстану институтының қалыптасуына сіңірген еңбегі болып табылады.

–1922 жылы 17 шілдеде өткен коллегия мәжілісіне Мәскеу Шығыстану институтінің қызметін жан-жақты тексеру үшін аранйы комиссия тағайындау туралы қаулы қабылдаған болатын. Комиссия құрылып, тексеру жүргізіп, онкұндік қорытындысы бойынша Т.Рысқұлов баяндама жасайды. Ол баяндаманың түпнұсқасы қолжазба күйінде мұрағат қорында сақталған. Шығыстану институтының Қабылдау комиссиясының төрағасы екенін пайдалана отырып, оқуға түркі мұсылман жастарының қабылдануына кұш салады. Және де алаш арысының сан-салалы қызметінің бір бағыты – Мәскеу және Петроград Шығыстану институттары мен Петроградтағы Шығыстың тірі тілдерінің Орталық институтын қайта құруға бағытталды, дейді Ордалы Қоңыратбаев.

Архивтерде сақталған деректер – тек өткенді танудың ғана емес, келешекке сабақ алудың да кілті. Ол – ұлт тарихының айнасы, рухани қазына.Шымкенттің тарихышлардың бұл бағыттағы жұмыстары тоқтап қалмақ емес.

Тарихшылар архивтік құжаттарды зерттей отырып, жаңа деректерді анықтауда
Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу – болашаққа салынған берік негіз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу