Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу – болашаққа салынған берік негіз

Oinet.kz 29-08-2025 20

Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу – мемлекеттің тұрақты дамуы мен ұлттың болашағын қамтамасыз ететін басты құндылықтардың бірі. 

Screenshot_20.jpg

Бұл – тек салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты құр жаттатумен шектелмей, бала бойына туған жерге деген сүйіспеншілік, елге адал қызмет ету, тілді құрметтеу, тарихи жадыны сақтау сынды ұстанымдарды сіңіру. Бұл бағытта тәрбие қалай жүзеге асыру қажеттілігі бойынша сауалнама жүргізген болатынбыз.

Н.УТЕНОВ, М.Әуезов атындағы ОҚУ доценті:  

– Патриотизмге, туған жеріне деген сүйіспеншілікке негізделген біртұтас идеология құруға ұмтылу – өте күрделі міндет. Қазіргі заманғы қоғамды патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты – азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. Сол арқылы біз жастарды Отан мүдделерін қорғау бойынша азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайын болуға дағдыландыра алады. Патриоттық тәрбие идеясы, оның өзекті қажеттілігі әрбір мемлекетте мойындалады және тәрбиенің басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзін тұрып, еңбек етіп жатқан мемлекеттің бір бөлігі ретінде сезінгенде ғана «қазақстандық» деген атқа абыроймен ие бола алады. Бұл ұғымды әрбір қазақстандық жанымен және жүрегімен адамгершілік тұрғыдан ұғынуы үшін, патриоттық азаматтық ұстанымды іс жүзінде жүзеге асыруы үшін әрбір адамда қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу қажет. Нағыз патриот адам  мемлекет өміріндегі өз рөлін түсінеді. Отанын жақсы көреді.  Халқына адал әрі  Отанымыздың өткені мен бүгінгісін мақтан тұтады, болашағына қамқорлық жасайды;  мемлекеттік рәміздер мен халықтың дәстүрлерін біледі және құрметтейді. Өз елінің патриоты болу - абыройы мен қадір-қасиетіне ие кез келген адам үшін әрқашан үлкен құрмет. 

Д.Жунисбекова, М.Әуезов атындағы ОҚУ доценті:  

– Адам патриот болып туылмайды, олар қалыптасады. Көптеген адамдардың санасында өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу тек әскери парызды орындауға ғана байланысты, бұл патриоттық тәрбие ұғымының мазмұнын айтарлықтай тар етеді. Шынында да, жоғары патриотизм өз Отанына жақсылық жасауға деген шексіз ықыласпен жасалады. Жас ұрпақтың бойында Отанына, халқына деген сүйіспеншілік басқа халықтарға деген терең құрмет сезімімен бірігуге тиіс. Біздің көпұлтты мемлекетімізде ұлттық және азаматтық-патриоттық тәрбие ұлтты ажыратпайды және оқшауландырмайды, керісінше оларды жақындастырады. Дамыған патриоттық сана ел аумағында тұратын барлық халықтарды біртұтас отбасы ретінде түсінуді көздейді, оның әрбір мүшесі өзінше бірегей, қазақстандық патриотизмде азаматтың сезімі кіші Отан, туған республика сезімімен ұштасады. Біздің Елтаңбамыз - ол өте символикалық және қазақ халқының тарихымен байланысты. Онда шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ-кез келген қазақ үшін қасиетті ұғым. Біріншіден, бұл күнді білдіреді. Екіншіден-отбасыны, бірлікті білдіреді.

Расында ұлттық рухпен тәрбиеленген ұрпақ – елінің ертеңіне немқұрайлы қарамайтын, рухани бай, парасатты тұлға ретінде қалыптасады.

Архив құжаттары – тарихтың көмескі беттерін айқындайтын құнды дереккөз
Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу