Шымкентте ежелгі ұлы өркениеттің ізі жатыр

Oinet.kz 19-08-2025 7

Шымкент қаласы – ежелгі өркениеттің ізі жатқан, сауда мен мәдениет тоғысқан тарихи мекен, Ұлы Жібек жолының бойында гүлденген орталық. 

Screenshot_39.jpg

Қазір қалада ұлттық құндылықтарды туристерге таныту кең етек жайып келеді. «Шым-қала» тарихи-мәдени кешенінің ғылыми қызметкері Н.Медетбекованың айтуынша, былтырғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға 566,5 мың шетелдік турист саяхаттаған екен. Ал биыл келушілердің қатары едәуір артқан. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биылғы туристер саны 50,7 мың адамға көбейген. 

– Шымкент қаласында туристердің назарын аударатын киелі орындар мен тарихи орындарға бай. Қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің тізіміндегі Ұлы Жібек жолы бойындағы Ибрагим ата кесенесі, Қожа Талих кесенесі, Мірәлі баб кесенесі Қарашаш ана кесенесі, Қызыр мұнарасына жолы түсетін қазақстандықтар ғана емес, шет елдіктер саны көбейіп келеді. Атап айтсақ өткен алты айда Шымкентке 20950 шетелдік турист келген. Бұл қаланың халықаралық туристік аренадағы тартымдылығының артып жатқанын көрсетеді. Туристер саны бойынша қарайтын болсақ, көрші жатқан Өзбекстан, Ресей және Қытайдан келген саяхатшылар көш бастап тұр, – дейді «Шым-қала» тарихи-мәдени кешенінің ғылыми қызметкері Н.Медетбекова.

Туристер жиі баратын кесенелер қатарында Ибрагим ата кесенесі бар. Ол Сайрам ауылының солтүстік-батыс шетінде, Ақсу жолының оң жағасында (ХҮІІ-ХХ ғғ) орналасқан ескерткіш. Оның бүгінгі нұсқасы XIX ғасырда салынған. Құрылыстың ішкі-сыртқы көрінісінде ортағасырлық элементтер сақталған. Кесене биіктігі 8 метрден асатын, бір бөлмелі, шаршы пішіндес құрылыс болып табылады. Кесенеге ғасырлар бойы қанша рет жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен өзінің бастапқы сән-салтанатын жоғалтпай, рухани-тарихи құндылығын сақтап қалған.

Келесі нысан Қожа Талих кесенесі. Бұл – Сайрам ауылының орталығындағы (ХІХ ғ) тарихи нысан. Кесене туралы археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Б.Байтанаев: «Кесене XVI–XVII ғ.ғ. тұрғызылған деп есептелсе, ал қазіргі ғимараты XIX ғасырдың екінші жартысында салынған. Ал кесенесі осында орналасқан Қарашаш ана Қожа Ахмет Яссауидің анасы. Ескерткіш туралы деректер 1925 жылы жарық көрген М.Е. Массонның «Старый Сайрам» тарихи-археологиялық очеркінде кездесуі ғылыми зерттеу жұмысына бастама болады. Тағы бір нысана Қызыр мұнарасы. Ол Сайрам ауылының шығыс шетінде (ХІХ ғ) орналасқан. Аңыз әңгімелер бойынша осы мешіт құрылысының жерастында (шіллехана) Қызыр пайғамбар жалғыз өзі 60 жыл жасырынып, ораза тұтып, дұға оқыған. Осыған байланысты ол сопы-дәруіштерінің жебеушісі есептелген. Жалпы алғанда, Қызыр туралы аңыздар Қызыр – Ескендірдің уәзірі, Ескендірдің досы, «түнек еліне» жол көрсетуші данышпан ретінде кездесетін Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) туралы аңыздармен байланысты. Бұл қарым-қатынастар Сайрамның аңыздық және қасиетті тарихында Қызырдың ерекше орын алатындығын көрсетеді. Қызыр пайғамбар мешітінің бастапқы ғимараты туралы нақты деректер жоқ. Мұнара – кешеннің ең биік зәулімі. Ол мешіттің оңтүстік- шығыс бұрышынан 3 метр қашықтықта орналасқан. 1948 жылы жер сілкінісі нәтижесінде мұнара ішінара қирайды (шам бөлігі бұзылады). Дегенмен, 1920–1940 жылдардағы фотосуреттері бойынша қалпына келтіріледі.

Салт-дәстүр мен заманауи құқықтық мәдениетті бейнелейтін көрме
Ұлттық қол өнерін бойына сіңірген қыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу