Салт-дәстүр мен заманауи құқықтық мәдениетті бейнелейтін көрме

Oinet.kz 19-08-2025 7

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай «Дәстүр – мәдениет мәйегі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Screenshot_38.jpg

Орталық директоры Бахтияр Спановтың айтуынша, бұл іс-шара қазақтың ұлттық құндылықтары мен құқықтық мәдениетті байланыстыруға, Абай Құнанбайұлының Қарамола ережесінің мәнін жастарға жеткізуге бағытталған. 

Ең алғаш қолданыла бастаған қазақ қауымы өкілдерінің өз зердесінен туған тұңғыш заң нұсқасы – Тәуке ханның «Жеті жарғысы» саналып келеді. Десе де қазақ даласында тұңғыш жарық көрген праволық құжат 73 баптан тұратын «Ереже» деп аталатын заң нұсқасын Абай жазып, Семей облысының Қарамола дейтін жерінде бес дуан елінің билері сьезінде қабылданып, бекітілгенін білсек те, тереңдеп, дендеп зерттей алмай келеміз. Семей губерниясына қарасты бес ояздың би-болыстары, ел билеуші ақсақалдары бас қосқан Қарамола жәрмеңкесінде 1885 жылы мамыр айында өткен төтенше съезіне биыл 130 жыл толып отыр. Өткен ғасырдың аяғында Қазан қаласында араб әрпімен басылып шыққан қазақ тіліндегі тұңғыш праволық құжат Қазақстан Орталық архивінің қызметкерлері Б.Байғалиев пен Ж.Ахмадиевтің күшімен қазіргі қазақ әрпі мен әдеби тіліне икемдей көшіріліп, 1992 жылғы Абай журналының №3 санында тұңғыш рет жарияланды.

– Қалай айтсақта қазақ тарихында Абайдың орны бөлек. Тұңғыш Президентіміз: «Замандар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға деген көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі» деп, Абай әлемін ерекше бағалаған. Абай шығармашылығы ғасырлар өтсе де, өзектілігін жоғалтпаған кемел туынды. 180 жыл өтсе де, ақын сөзі – ел болашағына бағытталған рухани жол. Жас ұрпақ Абайды тек оқып қана қоймай, оның идеяларын өмір сүру дағдысына айналдырғанда ғана нағыз ұлттық жаңғыру жүзеге асады. Абай армандаған ғылым қуған, еңбек еткен, адамгершілігі биік қоғамды бірге құру – бәріміздің борышымыз. Ал Абай жазған Қарамола ережесі бүгінгі Конституцияның жалғасы іспетті, – дейді орталық директоры.       

Қазақстанның Конституциясы – еліміздің тәуелсіздігі мен демократиясының негізі. Осы маңызды мерейтой аясында өткен шара жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, ұлттық дәстүрлерді насихаттауға, әділдік пен теңдік ұғымдарын түсіндіруге бағытталған. 

Бұл мерекелік іс-шараның маңызды бөлігін әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкерлері орындаған көрініс құрады. Олар Абай Құнанбаевтың Қарамола ережесін сахналап, оның маңызын, адам құқықтары мен әділдік туралы ұғымдарды көрерменге терең әрі әсерлі жеткізді. Қызметкерлердің бұл шығармашылық көрінісі жастардың санасына патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтардың маңызын ұғындыруда ерекше әсер қалдырды.

Іс-шара барысында салт-дәстүр мен заманауи құқықтық мәдениетті бейнелейтін көрме ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақ халқының тарихы мен құндылықтарын көрнекі түрде тамашалап, Конституциядағы адам құқығы мен әділдіктің маңызын ұғынды.

Ұлттық идеологияның негізі және түп қазығы – Ата Заң
Шымкентте ежелгі ұлы өркениеттің ізі жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу