Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Жақында ғана мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған Ақтоты Райымқұлова алғашқы арнайы іссапарын Түркістан қаласынан бастауды жөн деп тапты. Іссапар барысында министр туристер легі көп ағылатын, құрамында 200-ден аса тарихи-мәдени ескерткіші бар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде атқарылып жатқан жұмыстармен, қорық-музейге қарасты халықаралық дәрежедегі статусы бар, ортағасырлық теңдессіз сәулет туындысы ретінде 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынған Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің тыныс-тіршілігімен танысты. Шетелдік туристер көз жауын алатын Қожа Ахмет Иасауи кесенесінен бөлек, оның ішіндегі орта ғасырлардағы тұрмыстан сыр шертетін жәдігерлерді көргісі келеді. Көре отырып сол заманды сезіне алады. Қыш ыдыстар, тот басқан темірлер, қиыннан қиыстырылған ою-өрнекті бұйымдар бойына талай құпияны бұғып жатқаны аян. Қорық-мұражайының қорында 25000 дана құнды тарихи жәдігерлер қордаланған. Олардың арасындағы жазба, археологиялық этнография және нумизматикалық тобына жататын жәдігерлердің талапқа сай сақталуы үшін соңғы үлгідегі арнайы құрылғылар сатып алынып орнатылды. Қорық-музей әкімшілігінің айтуынша, мұнда қор бөліміндегі еңбек ететін реставраторлар – Ресейден арнайы біліктілікті жоғарылату курстарын оқып келген мамандар.
Реставрациялау – туризм саласында ешқашан маңызын жоғалтпайтын өте өзекті жұмыс. Мысалы, кез-келген зат уақыт өте келе іріп-шіріп, тоза бастайды. Күн жеп, шаң базып, тозаң қонады. Бұл жәдігерді бүліну процесіне алып келеді. Егер дер кезінде тазалау, жаңарту, жаңғырту жұмыстары жүргізілмесе, құнды бұйым жарамсыз күйге түседі. Осының салдарынан жәдігер жойылып кетіп, туристермен «көрісе» алмайды. Шартты түрде айтсақ, Әмір Темір, Қожа Ахмет Иасауи, Абылай хан секілді тұлғалар өз қолымен ұстаған бұйым өзімен бірге бірге қаншама тарих, қаншама құпияны ала кетеді. Реставраторлар мұндайға жол бермейді. Олар өз жұмыстарын «дәрігер – адам өмірі үшін, біз – жәдігер өмірі үшін күресеміз» деп сипаттайды.