Тұрақты комиссия отырысы өтті
Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияның біріккен отырысы болып өтті. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасарлары Төлегенов Талғат, Қырықбаев Мекенхан және қалалық мәслихат депутаттары сондай ақ дербес бөлім басшылары қатысты. Тұрақты комиссиясының біріккен отырысына ұсынылған мәселелер:
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12/50-VIIІ «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы;
3. Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамын бекітуге келісім беру туралы;
4. Түркістан қалалық мәслихатының 27.03.2020 жылғы №62/304-VІ «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Түркістан қалалық мәслихатының 30.03.2022 жылғы №15/83-VІІ «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. Түркістан қалалық мәслихатының 12.07.2021 жылғы №9/47-VІІ «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгеріс енгізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Комиссия отырысы соныңда қалалық мәслихат депутаттары пікір алмасып, көкейтесті сұрақтары қойылды. Бөлім басшылары өз кезегінде сұрақтарға жауап берді.