Қолөнер мектебіне 10 жыл

Oinet.kz 22-12-2024 32

image.png

«Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебінің» 10 жылдығына орай мерекелік шара өтті! «Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебі» салтанатты түрде 10 жылдық мерейтойын атап өтті.  Мерейлі қуанышты бөлісуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы бастаған зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.

Шарада облыс әкімінің орынбасары Бейсен Дәулетұлы сөз сөйлеп, құттықтау тілегін жеткізді. Мектептің ұлағатты ұстаздары мен оқушылардың жасаған бұйымдары көрмеге қойылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Республикамызда оқушыларға арналған қолөнер үйірмелері бойынша бірден-бір мектепте 8 үйірме жұмыс жасайды.

Сурет және кескіндеме, ағашты көркемдеп өңдеу, тері және былғарыны, зергерлік, керамика және мүсін, тоқыма және гобелен, тігін және дизайн, дайындық тобы үйірмелері оқушылардың білім көкжиегін кеңетуде.

Өскелең ұрпаққа ұлттық өнерді дәріптеп облыс орталығының өркендеуіне үлес қосып келе жатқан қолөнер мектебінде 27 мұғалім еңбек етеді. 2014-2024 жылдары аралығында 1700-ден астам оқушы мектепте білім алып, 150-ге жуық оқушы бітіріп шықты. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, “Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі” және “Көпсалалы қолөнер колледжі” студенттері қолөнер мектебінде іс-тәжірибеден өтуде.

Түркістанда жиһаз өнеркәсібі өркендеген
Сауран ауданында 2 фельдшерлік-акушерлік бекет ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу