3 389 тонна қоқыс шығарылған
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бағдарлама басталғаннан бері сенбіліктер мен тазалық жұмыстарына 300 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1500-ден астам техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 1 милионға жуық ағаш отырғызылып, 3 389 тонна қоқыс шығарылған.
Бағдарлама аясында сенбіліктер тұрақты ұйымдастырылып келеді. Арнайы бекітілген кестеге сәйкес аудан, қала аумағында сенбіліктер өткен. Жергілікті әкімдіктер, коммуналдық мекемелер мен өңір тұрғындары бірлесе отырып, өңірдің тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсаруына үлкен үлес қосты. Сондай-ақ мәжілісте 2024-2025 жылдарға қысқы күтіп ұстау жұмыстарына дайындық пысықталды. Қазіргі уақытта 6 400-ге жуық шақырым жолға 259 арнайы техника, 655 жұмысшы және 9 мың текше метрден астам құм мен 5 800 тонна тұз дайын. Қыс мезгілінде республикалық және облыстық маңызы бар жолдар мен аяқжолдарды қардан тазарту жұмыстарының орындалу барысы қатаң бақылауда болады.