Газ мәселесі талқыланды

Oinet.kz 21-12-2024 25

image.png

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен тұрмыстық газ боллонды газбен толтыруда орын алып жатқан мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Басқосуға облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының газбен қамтамасыз ету бөлімінің маманы, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Ордабасы ауданындағы автогаз құю бекеттерінің иелері мен өкілдері қатысты.

Тұрмыстық баллондарды газ толтыру пункттерінде ғана емес, сонымен қатар барлық қажетті қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін тұрмыстық баллондарға және жабдыққа құю үшін тиісті инфрақұрылымы бар газ толтыру станцияларында құюға рұқсат етілді.

ҚР Энергетика министрлігі тұрмыстық баллондарды жаңарту (ескі баллондарды жаңасына ауыстыру) мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру мен есепке алудың бірыңғай тәсілін енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Қазақстанда тұрмыстық баллондардың жеке өндірісі жоқ. Бұл өнім негізінен жақын және алыс шетелдерден импортталады.

Арнайы жабдықталған автокөліктер қызметін жандандыруына қатысты Түркістан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда облыстағы 807 елді мекеннің (2 млн 142 мың тұрғын) 510 елді мекені (63,2 %) немесе 1 746 мың тұрғын (81,5 %) табиғи газды қосуға мүмкіндік алды. Жалпы облыстағы 17 ауданның 4 ауданында (Түркістан 100 %, Төлеби 100 %, Түлкібас 94,9 %, Сайрам 92,9 %) газбен қамтылу деңгейі 90 %-дан жоғары. 

Бұдан басқа, газ толтыру пункттері Арыс, Қентау қалаларында орналасқан. Қалған аудандарда сұйытылған мұнай газымен айналысатын субъектілер арасында газ толтыру пункттерін салу жөніндегі келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Мүдделі мемлекеттік органдармен тиісті ұйымдастыру шараларының жоспары әзірленді және ағымдағы жылдың соңына дейін қабылданады. Тұтастай алғанда, газдандыру мәселесі Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Аудан басшысы аудан аумағында авто газ құю бекеті 33 оның ішінде бүгінгі күнге 12-де ғана сұйытылған газ өнімі сатылуда, арнайы газ құю станциясы жоқ. Сұйытылған газ өніміне тапшылық бар, сондай-ақ жеке тұрмыстық газ баллондарға газ құюда әрдайым мәселе орын алып отыр. Ол өнімнің тапшылығы және тұрмыстық баллондарға автогаз бекеттері өнімді тұрақты босатпауы. Осыған байланысты қадамдық іс-шара жоспарын бекітіп, әлеуметтік газдың берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Тәулігіне 800 жұп аяқ киім шығарылады
Шахматтан жасөспірімдер арасында турнир өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу