Су қоймасының құрылысы жүріп жатыр

Oinet.kz 22-12-2024 35

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су нысандарын реттеу, тиімді пайдалану тапсырмасын бергені белгілі. Сол тапсырмалар аясында Түркістан облысында қарқынды жұмыстар атқарылуда. «Жасыл белдеу» аумағын сумен қамтитын су қоймасының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы су қоймасын қалпына келтіру бағытындағы құрылысты бақылап, жауаптыларға жұмыстарды ширату қажетін айтты.

Бүгінде тоғанның жері тегістеліп, жан-жағын биіктету, бөгеу жұмыстары атқарылуда. Жаңа әуежайдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан су қоймасының сыйымдылығы – 1,3 миллион  текше метрді құрайды. Қайта реконструкциялау арқылы су сыйымдылығын ұлғайту көзделіп отыр. Ескі тоғанды жаңырту ісіне «Тұран су» мекемесі тартылған. Жауаптылар Су қоймасы толық қуаттылықта іске қосылған соң жиналған су 22 шақырым қашықтықтағы, яғни, жаңа әуежай жолының екі жағындағы ағаш көшеттерін вегетациялық кезеңде суғаруға толық мүмкіндік береді, - дейді.

Қоғамдық бақылау жүргізілді
Өрт сөндіру депосы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу