Қоғамдық бақылау жүргізілді

Oinet.kz 20-12-2024 24

image.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларынан туындаған міндеттердің жүзеге асырылуы аса маңызды. Өйткені Жолдауда атап көрсетілген мәселелер ел экономикасының қарышты дамуын, халықтың жағдайының жақсаруын, Қазақстанның әлемде беделді, бәсекеге қабілетті болуын көздейді. Мәселен, Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз», – деп айтқан еді. Бүгінде Жолдау жүктеген міндеттің бірі – мүгедектігі бар азаматтар мен аз қамтылған отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету. Оның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету – өңірімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың жемісті жұмысының нәтижесі. Мұндай санаттағы азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру ісінің облыс көлемінде жүзеге асырылу барысын сөз етсек, бұл бағыттағы шаруа талапқа сай атқарылып жатыр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында қоғамдық бақылаулар жүргізу ұсынылған. Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері және қоғамдық ұйым өкілінің қатысуында «Мақтаарал аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына кезекті қоғамдық бақылау жүргізілді. Қоғамдық бақылау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ғимараттардың кіре берісіндегі және ішкі жағдайлары мен қызмет алу орындары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы болу жағдайларына мән берілді. Бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсету жағдайымен танысып, қызмет алушылардың өтініштерін қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, көрсетілетін қызметтердің қағида мәтіндері мен өтініштерді толтыру үлгілерін ғимараттың көзшолымды орындарына орнату, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жай-күйі, мемлекеттік қызмет алу кезінде кезекті ұзақ күтуін барынша болдырмау және тағы басқа осы саладағы мәселелер қаралды. 

Айта кету қажет, аудан әкімдігі тарапынан алдағы кезеңде халыққа мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі бақылауда болады.

Ордабасыда спорт кешені ашылды
Су қоймасының құрылысы жүріп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу