«Халық қатысатын бюджет»: Кентауда балалар алаңшалары салынды

Oinet.kz 05-11-2024 26

3.jpg 

Түркістан облысы Кентау қаласында  «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында  балалар алаңшалары салынуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы Құрманғазы көшесі № 60, 60а, 62, 64, Құралбаев №114, №116, №118, Әл-фараби №102 көпқабатты тұрғын үй аулаларына балалар ойын алаңшалары, «Стритбол и Воркаут» бұрынғы футбол алаңын күрделі жөндеуден өткізу, Ә.Бекенов көшесі №47,№47а, Ы.Алтынсарин №24 үй аулаларына балалар ойын алаңшалары, «Стритбол и Воркаут, Ромах 48/1 орналасқан Тәлімбақ аумағына футбол алаңы, балалар ойын алаңшаларын орналастыру жұмыстары жүргізілген.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы жалғасып Шүлембаев №8, 10 және Т.Рысқұлов №5,7,9 үй аулаларына, Шахтерская аумағына балалар спорттық ойын алаңшалары орналастырылды.

Сонымен қатар «Жасыл қала» КММ тарапынан қаладағы 13 қөпқабатты тұрғын үй аулаларындағы орналасқан ойын алаңшалары ағымдағы жөндеуден өткізілді. Аталған жұмыстар келер жылыда жалғасатын болады.

Жалпы, Кентау қаласында 56 көпқабатты тұрғын үй аулалары бар.

Соның 33 көпқабатты тұрғын үй аулаларына асфальт төсеу, балалар ойын алаңшасын орнату және абаттантыру мақсатында жобалау сметалық құжаттамалар әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылған. Қаржы қаралаған жағдайда аталған жұмыстар жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ, жуырда Арыс қаласына қарасты Онтам ауылында жеке инвестор есебінен 150 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұған дейін ауыл оқушылары көрші ауылдарға қатынап оқитын. Енді Онтамдық балалар заманауи білім ордасында білім алады.

Мектептің ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов пен ардагерлер кеңесі төрағасы Тәңірберген Әсіл мен ардагерлер, ата-аналар және тұрғындар қатысты.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қала әкімі жаңа мектептің ауылға тек білім беріп қана қоймай, ауылдың әлеуметтік дамуына да серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ, мектеп салып, ауылды дамытуға өз үлесін қосқан жеке инвесторға алғысын білдірді.

Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Онда кең әрі жарық оқу кабинеттері, спорт және мәжіліс залдары, кітапхана, пәндік сыныптар, асхана мен демалыс аймақтары қарастырылған. Мектептің қауіпсіздігі де ерекше назарға алынып, бейнебақылау камералары мен өрт қауіпсіздік жүйесі орнатылған. Оқушылардың демалыс және спортпен айналысуы үшін ашық спорт алаңдары да бар.


Түркістан. Инвесторларға барлық жағдай жасалады
«Жайлы мектепте» білікті ұстаздар сабақ береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу