Түркістан. Инвесторларға барлық жағдай жасалады

Oinet.kz 05-11-2024 25

2.jpg 

Түркістан облысында инвестициялық жобалардың іске асуы тұрақты бақылауда болады. Инвесторларға қолдан келгенше барлық жағдай жасалады. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен  мәжілісте Түркістан облысында жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар сараланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланған жиналысқа Ауыл шаруашылығы басқармасының, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, Бақылау жөніндегі басқарманың және «Түркістан ӘКК» АҚ-ның жауапты мамандары қатысты.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, инвест-жобалар жоспарланған мерзімінде жұмысын бастауы үшін үйлестіру ісіне бақылау күшейтіледі. Нұрбол Тұрашбеков ауыл шаруашылық өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындар құрылысына қатысты нақты тапсырмалар бекітті:

- Құжаттарды кешіктіруге немесе туындаған мәселелерге немқұрайлы қарауға жол берілмесін. Міндеттеріңізді жауапкершілікпен атқарыңыздар, - деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.

Инвестициялық жобалар бойынша қозғалыс картасы әзірленіп, тұрақты түрде апталық есеп түзіледі. Сонымен қатар, жауапты мекемелер мен қызмет өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен апта сайын жұмыс кеңестерін өткізу келісілді.

Онда инвесторлардың әр мәселесі жеке қаралып, пәрменді шешімдер қабылданады, осылайша, инвестордың ұсыныстары мен проблемалары әкімдіктің назарынан тыс қалмайды.


Сарыағаштың өндірістік, туристік әлеуеті жоғары
«Халық қатысатын бюджет»: Кентауда балалар алаңшалары салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу