Түркістан: Білім саласындағы бастамалар нәтиже беруде
Түркістан облысы білім саласындағы сыбайластықты жоюдың бір жолы--кадр тағайындау мәселесінде әділ бәсекелестік пен ашықтықты қамтамасыз ету. Облыста осы бағытта қолға алынған жобалар нәтижесін беруде.
Жуырда білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындаудың «Әңгімелесу» кезеңі тікелей эфирде өтті. Ашықтық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қолға алған бастама өз нәтижесін беруде. Қатысушылар мен оқырмандар арасында түсінбеушілік жойылып, конкурс ашық түрде қортындыланды. 4 сағатқа жуық жалғасқан конкурсты әлеуметтік желіде тамашалаған оқырмандар қатары жағымды пікір қалдырып, әріптестеріне сәттілік тілеген.
Бүгінгі әңгімелесу кезеңінде 13 білім беру мекемесіне 15 үміткер қатысып, білім саласына қатысты түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап берді.
Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ашық форматтағы конкурстың қорытынды кезеңінде комиссия төрағасы сайланбалы түрде, яғни әр отырыста дауыс беру арқылы комиссия төрағасы тағайындалады. Комиссия мүшесі дауыс беру арқылы басымдықпен Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Саттарұлын бүгінгі конкурстык төрағасы етіп таңдады. Бұл да тікелей эфирде жүргізілді. Ал, комиссия мүшелері сыбайластық тәуекелдердің алдын-алу мақсатында конкурстық комиссияның құрамына ұдайы өзгерістер енгізіліп отырады. Олардың қатарында Түркістан облысысының облыстық мәслихат депутаты, телеарна директоры, профессорлар, мәдениет қайреткері, ата-аналар ассоциациясының төрағасы, заңгер, білім саласына қарасты орталық басшылары мен қоғам белсенділері бар. Комиссия ашық дауыс беру тәртібімен дербес шешім қабылдайды. Нәтижесінде 8 білім беру мекемесіне бірінші басшы оң нәтиже алды.