Түлкібас ауданында инвестициялық тың жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда

Oinet.kz 07-09-2024 29

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындап берген болатын. 

Screenshot_53.jpg

Соның ішінде аудан және қалалардың даму тұжырымдамаларына қатысты экономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм салаларын дамытып, жұмыспен қамту үшін тиісті бастамалар Түлкібас ауданында да қолға алынған. 

Бүгінгі күні ауданда зауыт, фабрикалар ашуға күш салынуда, сондай-ақ тұралап қалған өндіріс орындарын қайта жандандыруға көңіл бөлінуде. Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың айтуынша, Түлкібас ауданын дамыту үшін ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм бағытын дамыту үшін инвестиция тартып, жаңа технологияларды ендіре отырып өнімділікті арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету басым бағыт ретінде таңдалып отыр. 

- Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданымызда болған кезде ауданның даму көрсеткіштері бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Яғни, аймақ басшысы өз сөзінде, «әр ауданды дамытуда барлық мүмкіндікті пайдаланған дұрыс. Басты талап – ауылды көтеру керек. Дамытып, көркейту керек. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізген дұрыс. Алда атқарылар жұмыстардың нақты жоспары бекітіліп, сол жұмысты күшейту қажет. Түлкібас ауданында да жұмыстарды ширату керек. Жаңа жобалар жеткіліксіз. Әлі де тиісті деңгейде емес. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болуы қажет. Инфрақұрылымы дамыған бұл аймаққа кәсіпкерлер ұмтылатындай жағдай жасалуы тиіс. Ол үшін әкім ішкі және сыртқы инвестициларды тартуда үздіксіз жұмыс істеуі керек. Табиғаты қолайлы аймақта әлі күнге тристерді тартатын жобалар жеткіліксіз», – деген болатын. бүгінгі күні ауданды дамыту бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылуда. 

Атап айтсақ, өткен жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім 99,5 миллиард теңгеге жеткен, 20 миллиард теңге инвестиция тартылған, ал биыл оның көлемін 35,8 миллиард теңгеге дейін арттыруды жоспарланған. 2024 жыл 8 айдың қорытындысымен өнеркәсіп өнімінің көлемі 11,3 миллиард теңгені құрады, - дейді аудан әкімі.

Сонымен аудан Мемлекет басшысы Жолдауында айтылғандай ауданның экономикасын көтеруге бағытталған жұмыстар бойынша алдағы жылдарға арналған бес жылдық жоспар құрып отыр. Атап айтсақ, 2030 жылға дейін 400 миллиард теңгеден асатын 100-ге жуық жаңа жоба жүзеге асып, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ. Өнеркәсіпті дамыту үшін жалпы инвестициялық құны 327,2 миллиард теңгені құрайтын 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ауыл шаруашылық саласында инвестициялық құны 29,6 миллиард теңгені құрайтын 14 жобаны іске асырып, өнім көлемін 158,3 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланған.

Түлкібас ауданында «Beibars Bottlers» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыз су және түрлі-түсті сусындар өндірістік зауыты іске қосылады. Сондай-ақ ұн диірмені, консерві зауытын қайта құрылымдау, концентрат және шырын құю цехы, кірпіш зауыты, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк өндіру, қуаттылығы жылына 4 мың тонналық жеміс өндеу цехы өз жұмысын бастамақ. 

«Түлкібас» индустриалды аймағының аумағында құс фабрикасының, балықты кірпіш зауыты, қуаттылығы 320 мегаватт газ турбиналы электр станциясының құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ қарқынды алма бау, балық шаруашылығы, жеміс-жидектерін қайта өңдеу, құрама жем өндіру зауыты, сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығы саласында жаңа жобалар жоспарланған.

Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
Арыс қаласында ірі инвестициялық жоба іске асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу