«Өнерлі өлке»: Ордабасының мәдениет күндері екі күнге созылды

Oinet.kz 04-10-2024 28

10.jpg 

Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Ордабасы ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Мерекелік шараны «Керуен сарай» туристік кешеніндегі аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала-концерт қорытындылады. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов ашып беріп, Түркістан қаласының жұртшылығын құттықтады.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәдени шарада ауданнан шыққан танымал тұлғалардың туындылары мен күмбірлеген күй, мың бұралған би де көрініс тапты. Концертте Асқар Жүнісбеков, Жанель Нұржанова, «Ертұран» тобы, Айнұр Назарбекова арнайы қонақ болып, «Шаттық» бишілері, «Дарын» тобы мен «Назқоңыр» триосы және тағы басқа аудан өнерпаздарымен бірге өнер көрсетті.

Ордабасы ауданының Түркістан қаласындағы мәдениет күндері екі күнге жоспарланған болатын. Шараның алғашқы күнінде Этноауылда ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптар көрінісі көпшілікті тәнті етті. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен қылқалам және қолөнер шеберлерінің мен ұлттық тағамдар көрмесі өтті. Сонымен қатар қазақ күресі, садақ ату, гір көтеру, асық ату, бөрене көтеру, ауыр тас көтеру т.б. ұлттық спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары үш жүздің басын қосқан, береке мен бірліктің мекені болған Ордабасы ауданының мәдениет күндеріне ризашылықтарын білдірді. Келесі рухани-мәдени көшті Отырар ауданының өнерпаздары жалғайды.


Түркістан: Көмір сатумен 23 оператор айналысады
Дархан Сатыбалды: Ұлағатты ұстазға барлық адам құрметпен бас иеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу