Президенттің Түркістандағы жұмыс сапары басталды

Oinet.kz 27-09-2024 17

17.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары басталды.

Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.


Түркістан облысында 8 әкімшілік ғимарат салынуда
Президент «Білім-Инновация» лицейінде болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу