Түркістан: Әкім орынбасары жеке қабылдау өткізді

Oinet.kz 26-09-2024 26

2.jpg 

 «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жеке қабылдау өткізіп, облыс тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке қабылдауға келген тұрғындар сан түрлі мәселе көтерді. Мәселен, Түркістан қаласының тұрғыны «Жаңа қала» мөлтек ауданында әлеуметтік дүкендер, кәсіпкерлік қызмет алу мәселелері бойынша өтінішін білдірді. Өтініш иесіне нақты жобамен ұсыныс беру қажеттігі түсіндірілді.

Келес ауданы, Бәйтерек елді мекенінен келген азаматша тігін цехын кеңейту мақсатында ғимарат табуға көмек көрсетуді сұрады. Облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету керек екенін айтып, сала басшысына жалдау құны қолжетімді ғимарат қарастыруды тапсырды.

Кентау қаласынан келген кәсіпкер кәсіпкерлікпен айналысуда туындаған кедергілер бойынша шағым білдірді. Мәселе медиативтік келісімге келу арқылы шешу келісілді.

Тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров әр мәселе жан-жақты зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді.


Түркістан: туристік бағыттардың жол картасы әзірленді
Түркістан: Басқарма мен университет меморандум түзді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу