Түркістанда «Шексіз мүмкіндік» фестивалі өтті

Oinet.kz 21-09-2024 21

9.jpg 

 Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған «Шексіз мүмкіндік» облыстық өнер фестивалі өтті. Іс-шараға Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Бүгін керемет іс-шараның куәсі болып отырмыз. Қоғамда ерекше жандарға әркез құрмет жоғары. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық! Өнерлі азаматтарға шығармашылық табыс тілеймін! – деді басқарма басшысының орынбасары.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шараға арысы Астана мен Шымкент қаласынан, берісі Қызылорда облысы мен Түркістан өңірінің аудан, қалаларынан қатысты. Таланттар жиналған байқауға бас аяғы 50-ге жуық өнерпаз бой көрсетті. Патриоттық және мерекелік әндерді шырқап, бойдағы өнерін паш еткен дарын иелеріне сый-сияпат табысталды. Шара барысында қылқалам және қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі де көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ «Түркістан» брендімен құнды сыйлар берілді. Ынталандыру мақсатында барлығына алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, фестиваль мақсаты – ерекше дарынды жастар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау білдіріп, ұлттық рухта тәрбиелеу.

 


Түркістан: Жылыту маусымына дайындық жіті бақылауда
Түркістанда су үнемдеу технологиясы қарқынды енгізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу