Түркістан: Жылыту маусымына дайындық жіті бақылауда

Oinet.kz 21-09-2024 20

8.jpg 

Түркістан облысы бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық іс-шаралары кестеге сәйкес атқарылуда және өңірлік штабтың тұрақты бақылауында. Жалпы аймақта 34 жылу энергетика кешені және 1 622 автономды қазандық бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков мәлімдеді.

«Облыстың көмір отынына қажеттілігі - 700,9 мың тоннаны құрайды. «ҚТЖ» АҚ ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда облысқа 189,8 мың тонна көмір кіргізілген (27,1%). Шымкент қаласына жақын орналасқан Ордабасы, Бәйдібек, Қазығұрт, Сайрам аудандары Шымкент қаласындағы көмір қоймаларынан тасымалдайды. Ал облыстың жылыжайлары үшін қажетті көмір көлемі - 282,9 мың тонна. Жылыжай иелері қажетті отынды алу үшін тікелей «Шұбаркөл» АҚ-мен келісім шартқа тұрған.

Сондай-ақ, бюджеттік мекемелер үшін 99,8 мың тонна көмір сатып алу жоспарланып, бүгінгі күнге 91 пайызы жеткізілді. Қазіргі таңда аймақта қара отынның тоннасы - 19 850-22 000 теңгеден саудалануда. Бұдан бөлек, облысқа қажетті 7,8 мың тонна әлеуметтік мазутты  Энергетика министрлігі тарапынан оператор мекемелері анықталып, бағасы бекітілді. Тасымалдау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда»-деп баяндады сала басшысы.


Түркістан: МӘМС-пен сақтандыру 86 пайызға жетеді
Түркістанда «Шексіз мүмкіндік» фестивалі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу