Созақта «Жайлы мектеп» салынуда
Түркістан облысы Созақ ауданында «Жайлы мектеп» салынып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
хабарлады.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков нысанның құрылыс жұмыстарымен арнайы барып танысты. Бүгінде мектептің еденіне бетон құю жұмыстары толық аяқталған. Сондай-ақ, нысанның екінші және үшінші қабаттарына керамикалық плиткалар төселіп жатыр. Қазіргі таңда мектептің ішкі қабырғаларын сылау және әрлеу жұмыстары қатар атқарылуда.
Бұдан бөлек, аудан басшысы Шолаққорған ауылында салынып жатқан «Теріскей» саябағының және кіші футбол, балалар ойын алаңшаларын аралады. Кездесу соңында аудан әкімі алдағы уақытта Шолаққорған ауылының көшелері 100 пайыз жарықшаммен қамтылатындығын атап өтті.