Ордабасы: Жаңа тракторлардың кілті табыс етілді

Oinet.kz 18-09-2024 29

11.jpg 

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауылдық округтердің әкімдеріне салтанатты түрде жаңа тракторлардың кілті табысталды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

 Олардың ішінде Бадам, Шұбарсу, Шұбар, Бөржар, Төрткүл, Жеңіс, Қараспан, Бөген және Қарақұм ауылдары бар. Шараға арнайы қатысқан аудан басшысы Азат Оралбаев жаңа техникалар елді мекендердегі санитарлық тазалық пен қыс мезгілінде автомобиль жолдарын тазалау, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде мол септігін тигізетіндігін айтты.

Айта кетсек, Ордабасы аудандағы «Темірлан тазалық» мекемесінде 26 арнайы техника мен 88 қызметкер бар. Олар 4 секторда жұмыс жүргізеді. Техникалар санитарлық тазалық пен абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге арналған.


Түркістан: Тұмауға қарсы екпе салу басталды
Созақта «Жайлы мектеп» салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу