«SARAP»-дың аймақтық жиыны өтті

Oinet.kz 13-09-2024 39

5.jpg 

-- Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді.

Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады.

Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда,--деп атап өтті халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Жуырда Түркістанда «SARAP» эксперттер клубының аймақтық жиыны өтіп, онда  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Іс-шараға Түркістан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, атом энергиясы мен экология саласының кәсіби мамандары, жастар және азаматтық қоғам, партия өкілдері қатысты. Жиында Жолдауда айтылған мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы азаматтардың белсенділігі және жаңа қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, атом электр стансасын салу туралы жалпыұлттық референдум жайын талқылап, өзара пікір алмасты. Кездесуге қатысқан көпшілік АЭС салу тақырыбына ерекше назар аударды. Шараға арнайы келген ҚР ЭМ Ядролық физика институтының Бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев аталған станцияның салынуы - ел ертеңі үшін аса маңызды қадам екенін айтып, референдумға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды.


Ең ұзын тоннель –Шақпақ бабада
Түркістан: Бос жұмыс орындарына қатысты 80 жәрмеңке өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу