Шымкентте 700 мыңнан астам азаматтың МӘМС жарналарын мемлекет төлеуде

Oinet.kz 17-09-2024 59

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше бүгінгі таңда Шымкентте халық саны 1 241 809 адамды құрайды.  967 828 қала тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатына кіретін 700 мыңнан астам азаматтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын мемлекет төлеуде. Сақтандырылмаған азаматтар саны 308 190. 

1000226881.jpg

Бұл туралы ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Ляззат Алимова қалалық денсаулық сақтау басқармасында өткен мәжіліс барысында мәлім етті. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков және бірқатар басқармалар мен аудан әкімдіктерінің өкілдері қатысқан жиын барысында халықты МӘМС жүйесінде қамтуға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. 

Қор филиалының директоры Ляззат Барлықбайқызының айтуынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты мақсаты халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту. 

Дегенмен бүгінгі таңда медициналық сақтандырылмаған әлеуметтік осал топты азаматтар мен ұзақ мерзімді демалысқа шыққанда МӘМС жарнасының әр айға жеке аударылмауынан сақтандырылу мәртебесінен айырылған ұстаздардың жағдайы өзекті мәселе болып қалуда. Ол азаматтар медициналық көмексіз қалмаулары керек.  Сол себепті жауапты сала мамандарына бұл бағытта нақты тапсырмалар берілген болатын. 

Мәжілісте қарастырылған жұмыстардың орындалу барысы алдағы уақытта қала әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін аймақтық штаб барысында  қаралатын болады.

Халықтық штаб мүшелері зауыт жұмысшыларымен кездесті
Энергия тежелсе, көрсеткіш құлдырайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу