Өнеркәсіптің әлеуетін толық пайдалану үшін...

Oinet.kz 10-09-2024 19

31.jpg 

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауына жер-жерде көптеген азаматтар ой-пікірлерін білдіруде.ү Солардың бірі Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды:

--«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі қоғамдағы өзекті деген барлық мәселе қамтылды деп ойлаймын. Енді алдағы жұмыстың нақты бағыттарына тоқталайын.

Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет.

Тұрғындарды газбен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі.

Аудан бойынша табиғи газбен қамтылу деңгейі 100 пайыз дегенімізбен де жекелеген ауылдарда тұтас көшелер газбен қамтылмай отыр. Бүгінде Қасқасу ауылдық округі бойынша жалпы 840 абонеттің ішінде 702 үйге ішкі газ жүйелері кіргізілді. Қалған 138 үйге ішкі газ жүйелерін мердігер «ЮКС Южкомслужба» ЖШС монтаждау жұмыстарын жасауда.

Жобадан қалып кеткен 16 үйге демеуші есебінен жобасы әзірленіп сараптамасы, құрылысына рұқсаты алынуда.

Қоғалы ауылдық округі бойынша жалпы 630 абонеттің ішінде 600 үйге ішкі газ жүйелері кіргізілген. Қалған 30 үйге ішкі газ жүйелерін «Нұр-Бағжан» ЖШС тарапынан монтаждау жұмыстары жасалуда.

Киелітас ауылдық округіндегі Ескі Қорған көшесіндегі 2,5 шақырым газ құбыры реттеліп, іске қосылды. Қазіргі кезде Қарауылтөбе көшесіндегі 1,3 шақырым газ құбырының ақауы «ҚазТрансГазАймақ» ЖШС бірлесіп жөнделуде.

Аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту бойынша 2024 жылы 44 жобаны іске асыру жоспарланып, бүгінгі күнге оның 23 - і жүзеге асты, 17 жоба іске асырылу барысында болса, 4 жоба келесі жылға өтпелі. Оның ішінде ірі жобалар:

1) «Monotrans» ЖШС құны 8,0 млрд тг. логистикалық орталығының құрылысына Киелітас ауылдық округінен 20, га жер телімі қарастырылып, облысқа ӨҮК қарауына жолданып, ірі инвестициялық жоба болып мақұлданды, құрылысы 2024 жылы басталды. 2027 жылы толық аяқталады.

2) Қаратөбе ауылдық округіндегі құны 2,0 млрд тг қуаттылығы 3,2 мВт/сағ шағын ГЭС құрылысына қажетті құжаттар мен рұқсат қағаздары жинақталды, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мекем атауы - «Тауэнерго» ЖШС

3) Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде «Жасыл қуат» ЖШС-і құны 1,5 млрд тг қуаттылығы 2,0 мВТ/сағ шағын ГЭС салу үшін қажетті құжаттар мен рұқсат қағаздары жинақталды, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

4) «KAZPLAST» ЖШС құны 1,511 млрд тг қуаттылығы 90 мың дана арнайы жұмыс киімдерді тігетін жаңа тігін цехының құрылысына Ленгір қаласы аумағынан 1,12 га жер телімі беріліп, ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын.


Төлеби: Ауыл әкімдері халықпен кездесуді бастады
Түркістан: Жайылым мәселесі облыс әкімінің бақылауында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу