Төлеби: Ауыл әкімдері халықпен кездесуді бастады
Түркістан облысы Төлеби ауданындағы ауыл әкімдері Президенттің «Халықтың үніне құлақ асатын мемлкет» тұжырымдамасына сәйкес халықпан кездесуде. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Киелітас ауылдық округі әкімі Киелітас ауылының тұрғындарымен кездесуі М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде өтті. Кездесуге ардагерлер, зиялы қауым, ауыл тұрғындары мен жастары қатысты.
Халықпен кездесуде округ әкімі «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылдың 8-айында атқарылған және алда атқарылатын жұмыстары» туралы баяндама жасап болған соң кездесу «сұрақ-жауап форматта жалғасын тапты.
Кездесу жиынында қойылған сұрақтарға ауылдық округі әкімі жауап беріп, кездесу барысында халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу жолдары туралы арнайы іс-шара түзіліп, оның орындалу барысы жөнінде жазбаша түрде жауап берілетінін жеткізді.
Сонымен бірге Тасарық ауылдық округінің әкімі Алтынбеков Бақтыбек Сейтханұлы Оңтүстік ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу Оңтүстік негізгі орта мектебінде өтті. Кездесуге жалпы ауыл тұрғындары қатысты.
Халықпен кездесуде округ әкімі «Округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылы атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары» туралы баяндама жасады.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға Тасарық ауылдық округ әкімі Б. Алтынбеков жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары мен орындалу кезеңі жайында айтып өтті. Жиынды қорытындылаған округ әкімі айтылған мәселелер жөнінде хаттама түзілетінін және алдағы уақытта көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі хабарланатынын жеткізді.