Шардара: Инвесторлардың өзекті мәселелері талқыланды

Oinet.kz 10-09-2024 46

26.jpg 

Түркістан облысы Шардара ауданында инвесторлардың өзекті мәселелерін талқылау бойынша мәжіліс өткізілді. Бұл туралыШардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Аудан прокуроры Алмас Әлінің төрағалығымен өткен жиынға обылыстық энергетикалық басқармасының жауапты мамандары, аудандағы құзырлы мекемелердің өкілдері,кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Мәжілісте күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер, яғни, аудандағы ивесторларға мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жеңілдіктер жайлы, кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланды.

Тарқатып айтқанда, «Казкрахмал» ЖШС-нің инфрақұрылымы және ауыл шаруашылық егін жерлерге бөлінетін ағын суды оңтайлы мерзімде босату және зауыттың Ақшенгелді ауыл округіне қарасты 30 га жерге егілген жүгері алқабына уақытылы ағын су жетіспеушілігі, «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауытына инфрақұрылым мердігер тарапынан уақытылы жүргізіліп пайдалануға беру. Бұдан бөлек «Шебер» тігіг цехындағы ауыз су, табиғи газ мәселелері сараланды.

Жиында көтерілген сұрақтар бойынша жауапты тараптарға мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді.

Сондай-ақ, Шардара ауданына "Agriqa Asia" ЖШС мен бірлескен Жапония елінің "Marubeni Protechs Corporation" компаниясының өкілі Сода Анаму мырза келіп, аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Б.Шомпиевтың қабылдауында болып, бірқатар тың жобалар талқыланды. Күн тәртібіндегі "Agriqa Asia" ЖШС инвестициялық жобасын Жапония компаниясымен бірлесе іске асырылатындығы айтылып, тиісті жұмыстарды бастау көзделіп отырғандығы сөз болды. Қазіргі таңда жобаны іске асыруға жер учаскесі таңдалып, тиісті құжаттары рәсімделіп, құрылыс жұмыстарын қаржы мәселелерінің шешілуіне қарай бастау күтілуде. Инвесторлардың мақсаты ауданда өндірістік жылыжай кешені, гранулалы құрама жем шығару кәсіпорыны, сублимациялық цех, томат өңдеу зауыты сынды бағыттарда жұмыс жасау.


Мақтаарал: Мақта теру науқаны басталады
Түлкібас: Қараусыз малдың иесіне айыппұл салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу