Сайрам: Референдумға дайындық мәселесі пысықталды

Oinet.kz 06-09-2024 43

20.jpg 

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізудің ұйымдастырушылық аспектілерін жан-жақты талқылау туралы мәжіліс өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімі Арман Сәбитов төрағалық жасады. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органдары қызметкерлері, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Басқосу барысында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мониторингі бөлімшесінің басшысы Жасұлан Саутбек қозғалған тақырыпқа қатысты баяндама жасады.

Атап айтқанда, аудан бойынша бекітілген сайлау учаскелері мен аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы сандық көрсеткіштерге тоқталды.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Арман Сәбитұлы жауапты тұлғаларға республикалық референдум өткізудегі дайындық жұмыстары мен ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Саяси науқан барысында сайлау учаскелерінің толыққанды жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету, сайлау округтері туралы ақпараттарды тиісті сайттар мен БАҚ беттерінде жариялау, көрнекті жерлерге референдумға шақыру бойынша баннерлер орналастыру, мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне тиісті жағдайларды жасау, қоғамдық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру, желілік кесте бойынша белсенді насихат жұмыстары мен іс-шараларды жиі жүргізуді жүктеді.

Сонымен қатар, сайлау учаскелерін материалды-техникалық базасын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.


Сайрамда мал бордақылаудың мәселелері талқыланды
Сайрам: Түлектер мемлекеттік қызметке орналасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу