АЭС-ке қатысты асығыс шешім қабылдауға болмайды

Oinet.kz 06-09-2024 41

10.jpg 

Жуырда халыққа арнаған Жолдауында Президент:

-- Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз,-деген болатын.

Түркістан облысының азаматтық бастамаларды қолдау орталығында азаматтық қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «АЭС-тің оң және теріс ықпалы» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға Ордабасы аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гулия Тәйтәлиева, «Жігерлі ел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Ақмарал Әбдінабиева, «Эко Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнар Ниязова, «Төрткүл ауыл округі» қоғамдастық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрал Өтеген, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәбира Байзахова, «Generation» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владислав Голярко қатысты.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, басқосуда қоғам белсенділері АЭС-тің ел үшін маңызы туралы өзара пікір алмасты. Шарада «Өгем» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлихан Әбдешов өз ойымен бөлісті

«АЭС-ке келгенде көпшіліктің пікірі қақ жарылып отыр. Бірі оның энергия тапшылығы шешудегі рөлін алға тартса, екінші тарап қауіпсіздігіне алаңдаулы. Дегенмен, билік өкілдері алдағы уақытта энергия тапшылығы болуы мүмкін екенін алға тартып, АЭС-ті салу қажеттігін ұсынып отыр. Жөн-ақ. Дегенмен, АЭС-ке оң көзбен қарағанымызбен, әлі де ойланатын тұстары бар. Сондықтан бұл мәселеде асығыстық танытуға болмайды»,- деді ол


«Таза Қазақстан» Шардарада жалғасты
Шардара: Қауын-қарбыз Ресейге экспортталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу