«Таза Қазақстан» Шардарада жалғасты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бстамасымегн қолға алынған «Таза Қазақстан» шарасы Шардара ауданында қызу жалғасуда.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында аудан әкімі А.Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, Шардара қаласының шағын мөлтек аудандарында, тұрғын үйлер аулаларында ретсіз өскен шөптер мен қоқыстар арнайы полигонға жеткізілді. Сондай-ақ көше бойындағы талдар суғарылып, ирригациялық жүйелер тазаланды.
Тазалық шарасына қала тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жалпы 300-ге жуық адам, 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 18 көше бойынан 8,2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
"Таза Қазақстан" шарасы Келес ауданында “Тазалық-жан саулығы” атты эко-плогинг акциясымен жалғасты. Шараға аудандық аудандық ішкі саясат бөлім басшысының орынбасары Жансая Өмірәліқызы, аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-ң басшысы Айбек Әмреқұлұлы, “Жастар рухы” Жастар қанатының ерікті жастары, жалпы акцияға 80-ге жуық жас жұмылдырылды. Шараның мақсаты - тазалықты сақтау, әрбір жастың бойында туған жерге деген жанашырлықты ояту.
Экоакция нәтижесінде І орынды аудандық мәдиенет үйінің қызметкерлері қанжығасына байласа, ІІ орын Қаратөбе ауылының белсенді жастарына бұйырды. Ал ІІІ орынды Ошақты ауылының жастар командасы алды.
“Таза Қазақстан” экологиялық шарасы аясында, аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында аудан орталығындағы көше бойлары мен елді мекен айналасы, автожол бойлары, арық-атыздарды қоқыстардан тазарту, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.
Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына аудан көлемінде 300-ге жуық адам, 4 техника жұмылдырылып, 4 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы орындарға жеткізілді.