«Таза Қазақстан»: Тазалық шаралары Машат өзенінде өтті

Oinet.kz 01-08-2024 93

 47.jpg 

Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Сайрам ауданында жалғасын табуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған сондай шаралардың бірі Сайрам ауданы, Жібек Жолы ауылдық округіне қарасты Машат өзенінің бойында өтті. Оған аудандағы жалпы дербес бөлімдердің мамандары мен қоғам белсенділері, «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Олар қоршаған ортаға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті көтеру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Машат ауылында Машат өзені жағалауын күл-қоқыстардан арылтты. Сондай-ақ сынған ағаш бұтақтарынан, өзен ағысына кедергі келтіретін пластик, шыны бөтелкелерден тазартты.

Жалпы аудан аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар қарқынды атқарылуда.


«Таза Қазақстан»: Сенбілік аясында көшеттер егілді
Түркістан: Жартыжылда 31 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу