«Таза Қазақстан»: Акция сенбіліктермен жалғасуда

Oinet.kz 15-07-2024 56

2.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Түркістан облысында қызу жалғасуда. Акция Ордабасы ауданына қарасты Қажымұқан ауылдық округіндегі Арыс өзенінің жағасында жалғасын тапты. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

 Сенбілікке 4 техника жұмылдырылып, 80 азамат қатысты. Шарада Арыс өзенінің жағасы мен көпірдің асты, жалпы ұзындығы 4 шақырымдай жерді күл-қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, сенбілік ауданға қарасты Бөржар, Бөген, Бадам секілді басқа да ауылдық округтерде де жалғасын табуда. Аудан көлеміндегі сенбілікке 330 адам қатысып, 10 техника жұмылдырылды. Олар Арыс өзенінің жағалауы мен елді мекендерден жалпы 62 тонна күл-қоқыс шығарды. Тазалық шарасына аудандағы түрлі мекеме мамандары, қоғамдық қызметкерлер, жастар және орман шаруашылығының қызметкерлері атсалысты.

Айта кетейік, ауданда әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастыру тұрақты түрде жалғасын табуда.   «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әр сенбі сайын Кентау қаласында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл жолғы сенбілікке Кентау қаласының ақсақалдары мен жастары қатысып, белсенділік танытты. Сенбілік барысында көпқабатты үйлердің тұрғындарымен бірлесіп, аулаларды қоқыстардан, ретсіз өскен шөптерден, тазартты.

-Қала бәрімізге ортақ екенін ұғынып, тазалық шараларына белсене қатысып жатқан ақсақалдарға алғысымды білдіремін. Тазалық - ауламыздан басталады, сондықтан қаланың әрбір тұрғыны бір адамдай жұмылсақ, жастарға үлгі көрсетеміз, тазалық мәдениетін қалыптастырамыз, — деді ақсақалдар алқасының төрағасы Мұхтар Молжігітов.

Акцияға Түркістан облысының мәдениет басқармасы қызметкерлері және басқармаға қарасты өнер және мәдениет мекемелері атсалысты.

Экоакцияға басқарма басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов бастаған жалпы саны 150-ге жуық қызметкер белсене қатысып, Ащысай шатқалында тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аталған аймақ 250 қап қоқыстан тазартылды.

Сенбілік мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту. Сондай-ақ, аудан-қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жүргізілуде. Бұл бастама Түркістан облысында да ауқымды науқанға айналып, аудан-қалалар мен ауылдарда сенбіліктер өтіп жатыр.

Кезекті тазалық шарасында облыстың белсенді жастары Қазығұрт ауданында бас қосты. Акцияға Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмайлов пен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Ернар Нұралыұлы, облыстың белсенді ерікті жастары, депутаттар, қоғам белсенділері, жастар орталығы қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерден құралған жалпы саны 150-ге жуық жас қатысты.


«Бір ауыл—бір өнім» жәрмеңкесі тамызда өтеді
Түркістан: Балық шаруашылығына қызғушылар көбейіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу